blog Images

“Қолдан қолға”қайырымдылық жобасы:Жалғызбасты анаға қаржылай көмек берілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Қолдан-қолға» жобасы аясында жалғызбасты анаға қаржылай көмек берілді.

Нақтырақ айтқанда, бірнеше айдан бері пәтер ақысын төлей алмай мешітке көмек сұрап келген мұқтаж анаға  қаржылай көмек көрсетіліп, қолдау берілді.Облыстық мешіт наиб имамы Байкенже Серікбайұлы мұқтаж жанға қаржылай зекетті табыстап,қиындыққа мойымауды ,сабырлы болуға шақырды.Көмек алған ана  мешіт ұжымына алғыстарын айтып, Алланың разылығын тіледі.