blog Images

“Қолдан қолға” жобасы:Қадір түні қарсаңында 2 отбасыға зекет берілді

Қасиетті Қадір түні қарсаңында ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қорының “Қолдан қолға” жобасы аясында көмекке мұқтаж 2 отбасыға қаржылай зекет берілді.

Нақтырақ айтқанда,дәрі-дәрмек алуға көмек сұрап келген анаға 40 000 теңге көлемінде,және Алла жолында діни білім үйреніп жүрген баласының шәкіртақысын төлеп беруге өтініш білдірген анаға облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы қолдау білдіріп,150 000 теңге көлемінде қаржылай көмекті табыстады.

Облыс бас имамы мұқтаж жандарға қаржылай зекетті табыстап,қиындыққа мойымауды ,сабырлы болуға шақырды.Көмек алған отбасылар   зекет беруші жанашыр азамат пен ,мешіт ұжымына алғыстарын айтып, Алланың разылығын тіледі.