blog Images

«Қолдан қолға» жобасы:11 отбасыға қаржылай көмек берілді

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешітінде «Зекет және қайырымдылық» қоры бойынша «Қолдан қолға» қайырымдылық акциясы өткізіліп,1 400 000теңге көлемінде қаржылай зекет таратылды.

Нақтырақ айтқанда, 11 отбасындағы мектеп жасындағы 28 балаға  әрқайсына 50мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіліп, қолдау берілді.Мешіт наиб имамы Іздібай Бегенұлы  мұқтаж жандарға қаржылай зекетті табыстап,қиындыққа мойымауды ,сабырлы болуға шақырды.Көмек алған ата-аналар  мешіт ұжымына алғыстарын айтып, Алланың разылығын тіледі.