blog Images

ҚМДБ”Халал Даму” бөлімінің маманы әйел-қыздар жамағатына семинар өткізді

ҚМДБ “Халал Даму” бөлімінің технолог маманы Белтаева Жанаттың қатысуымен Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінде әйел-қыздар жамағатына “Күмәнді,харам және халал қоспаларды анықтау жолы” тақырыбында ақпараттық семинар өткізілді.

Семинарда Жанат Ахметқызы әйел-қыздар жамағатына тағамның құрамындағы күмәнді қоспаларды қалай ажырату қажеттігін,өнімнің,тағамдық қоспаларды  халал немесе күмәнді екенін құрамы арқылы  анықтау жолдарын түсіндіріп өтті.Сондай-ақ,семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға технолог маман тұщымды жауап берді.