

ҚМДБ «Зекет» қорының басшысы Жаңаөзен қаласының жамағатымен жүздесті
ҚМДБ Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев Маңғыстау өңіріне іссапар барысында Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің жамағатымен жүздесіп,насихат айтты.
Мақсатбек Мақсотұлы «Зекет және қайырымдылық» қорының атқарып жатқан іс-шаралары, жаңаша бастамалары және 2025 жылға арналған жаңа жұмыс жоспарлары жайлы баяндады.Сондай-ақ, ислам дініндегі қайырымдылық жасаудың мән-мағынасы мен өзіндік ерекшеліктері туралы сөз қозғап, мұсылман бауырларды жақсылықты көбірек жасауға шақырды.