ҚМДБ төрағасы БАӘ Пәтуа кеңесінің бас директорымен кездесті
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабия Корольдігінде сапары барысында Біріккен Араб Әмірліктері Пәтуа кеңесінің бас директоры Омар Әл-Дареймен кездесті.
Кездесуде екі ел арасындағы байланыстарды арттыру, пәтуа беру жұмысындағы тәжірибе алмасу, ғалымдар мен пәтуаға жауапты мамандар арасында байланыс орнату сынды тақырыптар сөз болды. Кездесу соңында Бас мүфти ұлттық нақышта жасалған кәдесый ұсынып, екі тарап бірқатар бастамалар күтіп тұрғанын алға тартты.