blog Images

ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі Маңғыстаулық қарилармен кездесті

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі Ахмет Серік Полатханұлы Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде Маңғыстаулық қарилармен кездесу өткізді.

Жиында ең қайырлы үммет Құран үйреніп, оны басқаларға үйретушілер екенін айта келе, Құран жаттаған адамның мол сауапқа иеленетінін әрі дәрежесі жағынан үнемі өзгелерден жоғары тұратындығы жайлы айтылды.Сондай- ақ,сектор меңгерушісі қари болу – үлкен жауапкершілік әрі көп адамға бұйыра бермейтін нығмет екендігін,Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің Құран оқушы қариларға деген ерекше көңіл қойып жатқандығы жайлы тілге тиек етті.