

ҚМДБ «Халал» сертификатын алған кәсіпорындар тексерілді
ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-нің облысымыз бойынша жауапты өкілі Іздібай Бегенұлы халал сертификаттарына ие кәсіпорындарға тексеріс жұмыстарын жүргізіп, бекітілген халал стандарты талаптарының орындалуын қадағалады.
Тексеріс барысында халал сертификатын алған «Coffee River»,»Morocco» тамақтану орындарының асханалары толықтай тексеріліп, кәсіпорын ҚМДБ Халал стандартына сай екендігі, тағамдық қоспалардың халалдығы, өндірістің бекітілген стандартқа сәйкестігі анықталды.