

ҚАЖД мекемесіндегі 30 азаматқа ауызашар себеттері берілді
Маңғыстау облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №43 түзету мекемесінде жазасын өтеуші 30 азаматқа ауызашар себеттері берілді.
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Байкенже Оңғарбаев істі болған азаматтарды түзу жолға түсуге шақырып, оларға туыстары мен жақындарының арасында тезірек оралуына тілектестік білдірді.