blog Images

«Қасиет қонған Қожа Әбіш»атты танымдық конференция өтті

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің имамдарының бастамасымен және Қажылар кауымдастығы және Жаңаөзен калалык әкімшіліктің колдауымен «Қасиет қонған Қожа Әбіш»атты тарихи танымдылық конференция болып өтті.

Тарихи танымдылық конференцияның мақсаты- зиялы парасат иесі, туа біткен табиғи көріпкелдігімен елге танымал болған ардақты азамат Әбіш қожаның  дінге коскан үлесі ,дін мен дәстүрді ұштастыра біліп ,елге кызметі жайлы кеңінен мағлұмат беріп, елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан, үлгі ету.Танымдық шараға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы,мешіт жамағаты,Қажылар қауымдастығы қатысты.Шара соңында бабалар рухына Құран оқылып, ас беріліп,дәм татылды.