«Қарты бар үй — қазына»ауыл қарттарына зиярат етілді
Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінің бас имамы Адаев Оразбай Рахат ауылының қарттарын зиярат етіп ,сый жасап , үлкендердің батасына ие болды.
“ Үлкенге құрмет көрсетпеген — бізден емес”,- делінген хадисте . Үлкенге құрмет- тек көз алдыңда көрген кезде емес, сол сияқты көзден таса қалған қарттарымызды іздеп барып көңілін сұрау, жағдайын біліп, сөзін тыңдау. Ол кісілердің көрген- білгенін естіп, ақыл сұрауда оларға деген үлкен құрметтің белгісі болмақ. Осы орайда “Қарттар күні”қарсаңында , “Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы” мешітінің бас имамы Адаев Оразбай ауыл қарттарын зиярат етіп , сый жасап , үлкендердің батасына ие болды.