blog Images

«Қари болғым келеді»атты рухани кездесу өтті

Қасиетті Рамазан айында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде тарауық намазынан соң «Қари болғым келеді»атты   рухани кездесу өтті.

Мешіт жамағатының қатысуымен өткен рухани кездесуде қасиетті Рамазан айында  облыстық мешітте 30 күн бойы тарауық намазын жүргізетін Сақи қари Мұхтарұлы  өзінің қарилыққа жету жолындағы амалдары мен,Құран оқудағы мақамдар жайында ақпарат беріп, Құран жаттау әдістерімен бөлісті. Сондай-ақ,кездесу соңында  Құран аяттарын оқып, Құран үйреніп жүрген жамағат үшін дұға етті.