

Қарақия ауданының бас имамы шекарашылармен кездесті
Қарақия аудандық орталық мешітінің бас имамы Руслан Сержанұлы Жыланды әскери шекара бөлімшесінің сарбаздарымен кездесті.
Кездесу барысында Руслан Сержанұлы «Құмар ойынның зардабы», «Өз-өздеріңді өлтірмеңдер» сияқты өзекті тақырыптар аясында насихат айтып, аталмыш мәселелерге қатысты Құран аяттары мен ардақты пайғамбарымыздың хадистерінен нақты дәлелдер келтірді.