blog Images

Қарақия ауданы:Ауданның бас имамы құптан уағызын өткізді

Қарақия аудандық орталық мешітінің бас имамы Прманов Руслан мешіт жамағатына «Зұлымдық пен залым» тақырыбында уағыз айтып ,құптан намазын өткізді.

Уағызды Қасиетті Құран аятымен бастап, Пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айтып, жамағатпен амандасып барып бастады.Зұлымдық-дінде иманы әлсіздік,қиянат жасау,кісі ақысын жеу екендігін айтып,жамағатқа зұлымдық мұсылман адамға жат сипат екендігін түсіндіріп өтті. Ауданның бас  имамының айтқан құптан уағызын мешіт жамағаты да ұйып тыңдады.