blog Images

Қарақия аудандық мешіті:Волейболдан қайырымдылық турнирі өтті

Қарақия аудандық орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Қайырымдылық кубогі»атты қайырымдылық турнир ұйымдастырылды.

Турнирдің өткізілуіне «Құрық» волейбол командасы мұрындық болды.Құрық ауылының тұрғыны Құрақбай Гүлназ есімді қызымыздың еміне қаржылай көмектесу мақсатында өткен спорттық шараға 8 команда қатысып,қайырымдылық іс-шараға өз үлестерін қосып, бақтарын сынады.

Іс-шараға қатысқан командалар: «»Жаңаөзен», «МЧС-Ақтау», «Алаш-Ақтау», «Құрық порты», «»Құрық», «11-мектеп’, «ОСМИ», «Ст. Ералы» командалары қатысты. Тартысты өткен спорттық-қайырымдылық турнирде жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен кубок, медальдар табысталды. Жарыстың нәтижесі төмендегідей болды. 1 орын — «Жаңаөзен» 2 орын — «Алаш-Ақтау» 3 орын — «ОСМИ»

«Қайырымдылық кубогі» турниріне атсалысқан барлық қайырымды жандарға Қарақия аудандық орталық мешітінің атынан үлкен алғысымызды білдіреміз!