Қарақия аудандық мешіті:Қарияларға құрмет көрсетілді
Қасиетті Қадір түні қарсаңында Маңғыстау облысы Қарақия аудандық орталық Құрық мешітінде ауыл ақсақалдарына құрмет көрсетілді.
Пайғамбарымыздың (ﷺ) хадистеріндегі «Әлсіздерге, науқастарға, қарттарға және кішілерге мейірімділік көрсетіңдер!» (Шира), «Қарттарға құрмет және сияпат, Алла тағалаға деген құрметтен туындайды.» (Бұхари) – деген өсиеттерді ескерген мешіт ұжымы сый-сияпат жасауды да ұмытпады.Мешіт бас имамы Серік Орынханұлы ақсақалдарға құрмет көрсетіп,алғыс хат қағазымен қатар сыйлықтар табыстады.


