

Қарақия аудандық мешітінде ақсақалдар арасында бата сайысы өтті
«Ислам және отбасы құндылығы» жылы «Дін мен дәстүр» бағыты аясында Маңғыстау облысы Қарақия аудандық орталық Құрық мешітінің ұйымдастыруымен ақсақалдар арасында бата беру сайысы өтті.
Батаның адам санасына әсер ететін үлкен күші бар. Халық даналығы «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деп бекер айтпаса керек. Дін мен дәстүрді дәріптеуде батагөй қариялардың ақ батасы зор маңызға ие.Сайыс қатысушы қариялар берген батасының мазмұны, батаны орындау шеберлігі, жатқа айтуы сияқты шарттар негізінде бағаланды.
Жарысқа қатысқан ақсақалдар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, алдағы уақытта жалғасын тапса деген ұсыныстарын білдірді.Жеңімпаз қарияларға арнайы сыйлықтар табысталды.