

Қарақия аудандық мешітінде 50 балаға «Рамазан тәттілері» таратылды
Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Қарақия аудандық орталық мешітінде 50 балаға «Рамазан тәттілері» таратылды.
Кішкентай балаларды қуанту мақсатында ұйымдастырылған шара барысында мешіт бас имамы Серік Орынханұлы бүлдіршіндерді Рамазан айымен құттықтап,тәтті дәмділер салынған қораптарды үлестірді.