Қарақия аудандық мешітінде 120 отбасыға қайырымдылық көмек берілді
“Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында Қарақия аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» хадисіне сай әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шара барысында 120 отбасыға 120қап ұн таратылды.Көмек алған отбасылар қайырымдылық шарасына мұрындық болған мешіт қызметкерлері мен жанашыр жандарға өз алғыстарын айтып,жұмыстарына береке тіледі.


