blog Images

Қарақия аудандық мешіті жамағатының айлық отырысы өтті

Қарақия аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында жамағаттың алғашқы айлық отырысы өтті.

Игі шараға облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы арнайы келіп,жамағатқа «Тақуалық»,»мешітте Құран оқудың нығметі» тақырыбында уағыз-насихат айтып, жиналған көпшілікті рухани нәрмен сусындатты.

Дәстүрге айналған айлық шаралардың мақсаты Маңғыстау облысы мешіттері жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту екендігін айта кеткеніміз жөн.