blog Images

Қарақия аудандық мешіті жамағатының айлық отырысы өтті

Қарақия аудандық орталық мешітінде қараша айындағы жамағаттың айлық отырысы ұйымдастырылды.

Мешіт жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту мақсатында жайылған ақ дастарханның қонағы болып Жаңаөзен қалалық «Әбіш қожа» мешітінің имамы Қажымұқан имам келіп,жиналған жамағатқа мұсылманның ауызбіршілігі  жайлы  тұщымды уағыз-насихатын жеткізді.Жамағатты бірлікке, ауызбіршілікке шақырып, ешкімге зиянын тигізбеу, иманды ортада болып,көркем мінезді болып, Алланы еске алу жайлы құраннан дәлелдер келтіріп, жамағатқа түсінікті тілде жеткізді.