blog Images

“Қайырымдылық керуені”:100 отбасыға қайырымдылық көмек берілді

ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қорының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде ауқымды қайырымдылық шарасы өтті.

Жомарт жүректі,ел анасы,дін жанашыры,жаны жайсаң Әбдімәлікқызы Бибі-Жамал анамыздың  ізгі істерін жалғастырған ұрпақтарының қолдауымен жүзеге асқан «Қайырымдылық керуені» шарасы барысында мешіт тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға көмек көрсетілді.Ізгі шара барысында күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік салынған қораптар үлестерілді.

Облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы жиналған қауымға насихат айтып, іс-шараға демеушілік еткен жомарт жандарға алғысын білдірді.

Бір адамды қуанышқа бөлеу – садақа. Қайырымдылық шарасына ұйытқы болған Бибі-Жамал анамыздың отбасына үлкен алғыс білдіреміз!Алла тағала  жасаған сауапты амалдарыңызызды қабыл етсін!