«Қайырымдылық керуені»: 150 отбасыға көмек көрсетілді
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жариялаған «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында, 1 наурыз — Алғыс айту күніне орай Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде ауқымды қайырымдылық шарасы өтті.
Жомарт жүректі Жамал апамыздың ізгі істерін жалғастырған ұрпақтарының қолдауымен жүзеге асқан «Қайырымдылық керуені» шарасы барысында мешіт тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 150 отбасыға көмек көрсетілді.
Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы жиналған қауымға кішігірім насихат айтып, іс-шараға демеушілік еткен жомарт жандарға алғысын білдірді.
Осыдан кейін облыс бас имамы бастаған дін қызметкерлері, қасиетті Құран аяттарын оқып, Алла Тағаладан еліміздің амандығы мен халқымыздың тыныштығын тіледі.