

Қадір түні қарсаңында 100 студентке «Ауызашар қоржыны» берілді
Қасиетті Қадір түні қарсаңында,ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қоры» мен Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің жатақханасындағы 100 студентке ауызашар берілді.
Облыстық мешіт қызметкерлері жоғары оқу орнында білім алып жатқан студенттерді Рамазан айымен құттықтап, білімгерлдерге Алладан хайырлы білім тіледі.Өз кезегінде студенттер игі шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.