blog Images

ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ ӨҢІР ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

20 мамыр күні ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев пен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев өңірдің имамдарымен кездесті.

Кездесу барысында Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда айтқан дін мен ұлттық құндылықтарға қатысты бастамаларына тоқталып, дін өкілдерінің ел бірлігі мен тұрақтылығын сақтаудағы рөліне ерекше назар аударды.

– Президентіміз Ұлттық құрылтайда заң мен тәртіпті сақтау – барша азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті. Бұл бағытта дін қызметкерлерінің атқарып жүрген еңбегі ерекше. Сіздер халыққа ізгілік пен имандылықты насихаттап, ынтымақ пен тұрақтылыққа үндеп келесіздер. Су тасқыны сияқты күрделі жағдайларда да мешіттер мен имамдардың көмегі зор болды. Мемлекет басшысы білім мен ғылымды дамыту мәселесін де баса айтты. Осы жолда діни сауатты арттыру арқылы жастардың рухани әрі зияткерлік дамуына өз үлестеріңізді қосуға атсалысасыздар деген сенімдемін, – деді Мәлік Отарбаев.

Мемлекет басшысы биылғы 2025 жылы наурыз айында Көкше жерінде өткен ұлттық құрылтайда көптеген мәселелер қарастырылып,дін мәселесіне ерекше назар аударылды.Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен респубилкалық форум өтті.Форум аясында қоғам үшін өзекті екі құжат қабылданды. Олар «Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы» тұғырнамасы; «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу (мәзірі мен тәртібі)» құжаты.

VI Республикалық имамдар форумына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы арнайы құттықтау хатын жолдады. “Имамдар қоғамдағы игі бастамаларды жүзеге асыруға белсене қатысып,жастарды жат діни ағымдардың ықпалынан қорғауға,отаншыл ұрпақ тәрбиелеуге табысты түрде атсалысып жүр”,делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

– Президентіміздің Ұлттық құрылтайда айтқан әрбір бастамасын терең зерделеп, назарға алдық. Оның ішінде дін мәселесі де ерекше аталды. Біз бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жандандырып, ел дамуына үлес қоса береміз, – деді Әнуар Елжанов.