Орталық мешітте Республика күніне орай спорттық шара ұйымдастырылды
Еліміздегі айбынды мерекелердің бірі 25 қазан – Республика күніне орай Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде спорттық шаралар ұйымдастырылды.
Жамағат арасындағы татулық пен бірлікті арттыру мақсатында екі салмақ бойынша гір тасын көтеру, қол күрес,арқан тартыс,садақ ату сынды спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Білектің күшімен өзара сайысқа түскен қатысушылар өз мүмкіндіктерін мүлт жіберместен, белсенділік көрсетті.Шара соңында жиналған жамағатқа ақ дастархан жайылып,ас берілді.
Елдің амандығы мен баянды берекесін тілеген жамағат ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.