Орталық мешітте “Отбасы-бақыт мекені” атты рухани дәріс өткізілді
Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінің ұйымдастыруымен жас отбасыларға арналған “Отбасы-бақыт мекені” атты рухани дәріс өткізілді.
Рухани дәріске жас отбасылар,мешіт ақсақалдары қатысты.Дәрісті орталық “Бекет ата” мешітінің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы өткізіп, шараға қатысушыларға отбасылық құндылықтар, ер-әйелдер міндеттері мен хақылары, жұбайлар жарасымы, ұрпақ тәрбиесі жайында уағыз-насихат айтты.Отбасы, тәрбие төңірегінде өткен дәрістен кейін жастардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.



