blog Images

Орталық мешітте «Мен және Қоғам» атты семинар өтті

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Мен және Қоғам» тақырыбында семинар өтті.

Семинарды Шымкент қаласындағы Байғут баба мешітінің ұстазы Гүлжан Нұрланқызы жүргізді. Гүлжан Нұрланқызы отбасындағы әйелдің орны, қоғамдағы әйел орны тақырыптарын да сөз қозғады. Өз кезегінде жамағатты бұрынғы дана аналарымыздың орнын басар ұрпақ біз екенімізді айтып, сондықтан барынша қандай жағдай болсада сол даналықты көрсете білуге шақырды.

Семинар соңында Маңғыстау облыстық әйел-қыздар секторының жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы Гүлжан ұстазға облысымыздың шақыртуын қабылдағаны үшін және пайдалы кездесу үшін алғысын білдіріп, арнайы сый- сияпат табыстады. Семинар соңында ұстаздар жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.