blog Images

Орталық мешітте «Әйелдің отбасындағы рөлі» атты форум өтті

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында 2023 жылдың 10 желтоқсан күні Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысымен «Әйелдің отбасындағы рөлі» атты форум өтті.

Отбасындағы әйелдердің рөлін талқылау және жүйелік мәселелерді шешудің жалпы тәсілдерін әзірлеу мақсатында ұйымдастырылған форумға мешітке келуші жамағат әйелдер, үй шаруасындағы аналар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, көпбалалы аналар қатысты.
Форумға ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, РАНТ мүшесі, теолог, коуч Арман Қуанышбаев Баймаханұлы шақырылды.

Басқосуда ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Әнуар Ізімбайұлы Елжанов іс-шараның маңыздылығына тоқталып, әйелдердің ел дамуында алатын орны жоғары екендігін жеткізді.

Өз кезегінде Арман Баймаханұлы әлеуметтік-демографиялық прогрессті қамтамасыз етудегі әйелдердің жаңаша рөлін және де отбасындағы рөлі туралы талқылады. Экономикалық өсудің жаңа үлгілеріне көшуге, денсаулық сақтау мен білім беруді дамытуға, әйелдер арасында қаржылық сауаттылық проблемаларын шешуге және өзін-өзі бағалауды, отбасындағы түйіткіл мәселелердің алдын алуы, жеке өзін-өзі дамытуды арттыруға арналған баяндама жасалды.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға Арман Баймаханұлы тұшымды жауап берді.

Айта кетейік, биыл ҚМДБ бекіткен  2023жыл-«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында бірқатар маңызды  игі шаралар жүзеге асырылды.