«Ортағасырлық түркі тілі — бабалар қазынасы» атты ұстаздарға арналған семинар өтті
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2023 жылғы бағдарлық баяндамасында айтылған көне түркі әдеби тілінде жазылған кітаптарды оқуға арналған курстар ашуға байланысты тапсырмасына сәйкес «Ортағасырлық түркі тілі — бабалар қазынасы» тақырыбында мешіт ұстаздарына арналған семинар өтті.
Ақтау, Жаңөзен қалалары және Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарына қатысты құлшылық үйлерінің ұстаздарына арналған шараға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, педагогика ғылымдарының магистрі, парсы, ағылшын тілдерінің маманы Нияз Тобыш және ҚР мәдениет саласының үздігі, өлкетанушы, таңбатанушы Нұрлан Абызұлы қатысып, көне жазбаларды оқудағы тәжірибелерімен бөлісті.
Алдағы аптадан бастап өңіріміздің ұстаздарына көне түркі тіліндегі жазбаларды оқыту бойынша дәрістер өткізілетін болады.