blog Images

«Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы» мешітінде жамағатпен жиын өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қаласы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы» мешітінде «Ихсан рухани тәрбие негізі» атты жамағатпен бас қосу өтті.

Жиында мешіт бас  имамы Адаев Оразбай көпшілік жамағатқа Ихсан ілімі жайлы, Алланы тану, мұсылмандық тәрбие жайлы кең көлемде уағыз насихат айтты.Әрі қарай дастархан жайылып,ас берілді.

Мешіттің басты міндеті жиылған жамағатты ауызбіршілікке, татулыққа, мейірімділікке, қанағатқа, бауырмалдыққа, кішіпейілдікке, сабырлыққа, қарапайымдылыққа тәрбиелеу болып табылады.