blog Images

«Оразмағанбет ахун» мешітінде жамағаттың айлық отырысы өтті

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қаласы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы» мешітінде жамағаттың айлық басқосуы өтті.

Мешіт жамағатының ауызбіршілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған жиында мешіт бас имамы Адаев Оразбай жиналған жамағатқа «Исламдағы отбасы құндылығы», «ата-ананың отбасындағы рөлі» тақырыбында уағыз насихат айтты. Сонымен қатар, жиын сұрақ- жауаппен жалғасып, жеңімпаздарға арнайы  сыйлықтар берілді.