blog Images

Оразмағанбет ахун мешітінде жамағатпен рухани жиын өтті

Жаңаөзен қалалық орталық «Әбіш қожа» мешітінің бас имамы Жұмырбаев Жұмабай «Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы» мешітінің жамағатымен жүздесіп «Отбасындағы адалдық пен жауапкершілік» және «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» тақырыптарында тағылымды уағыз-насихат айтты.

Ұлттық нақышта безендірілген киіз үйде, ақ дастарқан басында өткен рухани басқосуда бас имам асыл дініміз Ислам мен қазақтың сан ғасырлық салт-дәстүрінің өзара сабақтастығына ерекше тоқталды. Ол халқымыздың әдет-ғұрпы мен ырым-тыйымдарының бастауында шариғат қағидалары жатқанын атап өтіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеу – имандылықтың айнасы екенін жеткізді.
Кездесу барысында отбасы институтының беріктігі, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген адалдығы мен ортақ жауапкершілігі кеңінен сөз болды.
Шара соңында ел амандығы мен жұрт тыныштығы, әрбір шаңырақтың береке-бірлігі үшін дұға жасалды.