“Оразмағанбет ахун” мешітінде тазалықшыларға қайырымдылық жасалды
Жаңаөзен қаласы Рахат ауылдық “Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы” мешітінде ауыл тазалығын қамтамасыз етіп отырған 40 азаматқа қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Дінімізде тазалыққа айрықша мән беріледі, тіпті «иманның жартысы» деп айтылады. Хадистерде қоршаған ортаны таза ұстау жайында да қатаң ескертілген. Осы орайда ауа-райының қолайсыздығына қарамастан ауыл көшелерінің таза болуы үшін күні-түні еңбектеніп жүретін тазалықшыларды қолдау мақсатында 40 азаматқа азық-түлік салынған себеттер үлестірілді.Сонымен қатар,игі шара соңында тазалық қызметкерлеріне ақ дастархан жайылып,құрмет көрсетілді.Мешіт бас имамы Адаев Оразбай “Тазалық-мүміннің айнасы”,исламдағы тазалық тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Қайырымдылық көмек алған жандар мешіт қызметкерлеріне алғыс айтып,еңбектеріне береке тіледі.




