blog Images

Оразмағанбет ахун мешітінде «Отбасы -қоғам тірегі» атты семинар өтті

Жаңаөзен қаласы Рахат ауылдық «Оразмағамбет ахун» мешітінде «Отбасы – қоғам тірегі» тақырыбында тағылымды семинар өтті.
Отбасы құндылықтарын нығайту мен шаңырақ берекесін арттыруды мақсат еткен іс-шараға ауыл тұрғындары мен қыз-келіншектер қатысты.
Семинар барысында білікті ұстаздар қатысушыларға отбасы беріктігіне қатысты насихат айтты. Атап айтқанда Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешітінің ұстазы Ұлдәулет Қоңыратбайқызы «Отбасындағы ерлі зайыптылардың қарым-қатынасы» тақырыбында сөз қозғап, шаңырақтағы сыйластық, ерлі-зайыптылар арасындағы түсіністік пен өзара мейірімділікті сақтаудың маңыздылығына кеңінен тоқталды. Ұстаз Динар Тағабекқызы «Қоғамға тірек болар отбасындағы әйелдің үлесі» тақырыбы аясында ой өрбітіп, іргесі берік, тату отбасы құрудың негізгі қағидалары мен қоғам тұрақтылығындағы отбасы институтының рөлін түсіндірді.
Жиын соңында қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ұстаздармен еркін пікір алмасты.