blog Images

«Оразмағанбет ахун» мешітінде Ораза айт мерекесі аталып өтті

Бүгін Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы» мешітінде мұсылман қауымының ұлық мерекелерінің бірі – Ораза айт мейрамы аталып өтті. 

Айт намазы оқылып болған соң жамағатқа Наурыз көже және бауырсақтар таратылды. Сонымен қатар балаларға арнап ойын алаңы мен батуттар орнатылды және 200  тегін балмұздақ таратылды.

Сондай-ақ Ораза айт мерекесіне орай «Тегін такси»акциясы ұйымдастырылып,тұрғындарға тегін қызмет көрсетті.