blog Images

Оразмағанбет ахун мешітінде “Имани жаз-2025″сауат ашу курсы өз мәресіне жетті

“Ислам және отбасы құндылығы” жылы “Діни оқу-ағарту” бағыты аясында Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінде өткен “Имани жаз-2025″жазғы діни сауат ашу курсы өз мәресіне жетті.

Жаз айларында құлшылық үйінде ұйымдастырылған курсқа қатысушы жас шәкірттер Құран әліппесімен қатар әдеп,тәртіп дәрістерін үйренді.Сондай-ақ,балаларға арнайы спорттық ойындар мен дәстүрлі садақ атудан сайыстар өткізіліп,балалар ойын алаңына барып ,демалыс ұйымдастырылды.Діни сауат ашу курсына қатысқан барлық балаларға сертификат пен сыйлықтар берілді.