blog Images

“Оразмағанбет ахун” мешіті:Мектеп оқушыларымен кездесу өтті

“Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында Жаңаөзен қаласы Рахат ауылдық “Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы” мешітінің наиб имамы Қуат Рахматулла Рахат ауылдық №23 орта мектебінің 11 сынып оқушыларымен  Жат ағым-жарға жығады тақырыбында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Жиын барысында жастарымыздың жат ағымның жетегінде кетуінің себебі, діни экстремисттердің түпкі мақсаттарының не екендігін, оның алдын – алу жолдары талқыланды.Сондай -ақ,кездесу соңынан оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып,мешіт имамы шариғат шеңберінде тұщымды жауап берді.