blog Images

«Оразмағанбет ахун» мешітінде мұқтаж жанға қайырымдылық көмек берілді

 «Ислам және отбасы құндылығы» жылы  Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық«Оразмағанбет ахұн Тұрмағанбетұлы» мешітінде «Қолдан-қолға» акциясы аясында қайырымдылық көмек берілді.

Нақтырақ айтқанда, бірнеше айдан бері үйінде жылу жоқтығын айтып,жылу жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізе алмай алмай мешітке көмек сұрап келген мұқтаж анаға  қаржылай көмек көрсетіліп, қолдау берілді.Мешіт бас имамы Адаев Оразбай мұқтаж жанға қаржылай зекетті табыстап,қиындыққа мойымауды ,сабырлы болуға шақырды.Көмек алған ана  мешіт ұжымына алғыстарын айтып, Алланың разылығын тіледі.