blog Images

«Оразмағанбет ахұн Тұрмағанбетұлы»мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық«Оразмағанбет ахұн Тұрмағанбетұлы» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Мешіт бас имамы Адаев Оразбай және мешіт ұжымы бірлесе Рахат ауылының жағдайы төмен 5 отбасыға күнделікті тұтынуға қажетті   азық-түлік салынған қораптар үлестірді.Көмек алған отбасылар мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, қызметтеріне береке тіледі. Сондай-ақ, қайырымдылық шарасы барысында бір отбасының еміне 100 000 теңге көлемінде қаржылай көмек берілді.