blog Images

«Оразмағанбет ахұн Тұрмағанбетұлы» мешітінде білім сайысы өткізілді

Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық«Оразмағанбет ахұн Тұрмағанбетұлы» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жамағатының ауызбіршілігін арттыру мақсатында діни мәселелер бойынша білім сайысы ұйымдастырылды.

Сайыста діни сұрақтар мен тарихтан сұрақтар қойылды. Қорытындысында,сайыс соңында  жамағатқа ас беріліп білім сайысына қатысқан жамағатқа ынталандыру сыйлықтары беріліп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.