blog Images

«Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітіне жаңа имам тағайындалды

ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітіне жаңа имам тағайындалды.

Қасиетті жұма намазының алдында Бас мүфти бұйрығын Жаңаөзен қаласының бас имамы Қажымұқан Дауылбайұлы оқып, құлшылық үйінің ұжымы мен жамағатына имамдық қызметке тағайындалған Оразбай Түркменбайұлын таныстырды.

Сондай-ақ, Қажымұқан Дауылбайұлы осы уақытқа дейін құлшылық үйінің имамы болып келген Жұмабай Қуандықұлына алғыс айтып, қазақы салт-дәстүрімізге орай иығына шапан жапты.