blog Images

«Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінде білім сайысы өтті

Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында «Білгенім бір тоғыз білмегенім тоқсан тоғыз»  атты білім сайысы өтті. 

Білім сайысы аясында ең алдымен Пайғамбарымыз (с.а.с) және сахабалар өмірінен кең көлемді уағыз айтылды.  Сайысқа қатысушыларға діни сұрақтар, логикалық және қазақстан тарихынан  сұрақтар койылып,  жеңімпаздарға арнайы сыйлыктар берілді.