«Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешіті шәкірттерге мерекелік көңіл-күй сыйлады
Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешіті «Имани жаз-2023» сауат ашу курсының қыз шәкірттері үшін арнайы шара ұйымдастырылды.
Шара аясында құлшылық үйінің ұстаздары балаларды ойын-сауық кешеніне апарып, көңілдерін көтеріп, дастарқан жайды.
Бұдан бөлек, Құрбан айттың көңіл-күйін сезіндіріп, рухани тәрбиеге баулу мақсатында 29 шәкіртке тәттілер салынған базарлық қорапшалары берілді.