blog Images

«Оразмағанбет ахұн » мешітінде өртке қарсы оқу-жаттығу өткізілді

Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық«Оразмағанбет ахұн Тұрмағанбетұлы» мешітінде өрт-тактикалық оқу жаттығулары өткізілді.

Оқу-жаттығуларда мешіт қызметкерлерінің  осындай жағдай болған кезде қандай іс-әрекет атқару керек екенін түсіндіру шаралары өткізілді.Жаттығу кезінде өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмыстарының барысы көрсетілді. Қауіпсіздік, сақтық ережелері кімге болса да қажет. Ал, тосын жағдай не істеу керектігін білу – жазатайым жағдайдан сақтайтын алғашқы қадам.