blog Images

«Оразмағанбет ахұн» мешітінде әйелдер арасында жарыс өткізілді

Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен дәріске келуші жамағат арасында Құран тәпсірінен және Пайғамбарымыз (с.а.с) салауат оқудан жарыс өтті.

Жамағатты  ынталандыру, қасиетті Құранның қадір-қасиетін жете ұғындыру, шәкірттерді шыңдау мақсатында өткізілген жарыс әсерлі өтті.Сондай-ақ  игі шара соңында жарысқа қатысқан әйел-қыздарға  ынталандыру сый-сыяпаттары тарту етіліп,жеңімпаздар марапатталды.