blog Images

ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ОЙНАТЫЛДЫ

Бүгін қасиетті Рамазан айынан кейінгі Ораза айт мерекесіне орай Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ауласына арнайы киіз үйлер тігіліп,ұлттық ойындар ойнатылып, мерекелік шаралар ұйымдастырылды.

Ұлық мерекеде ұлттық спорт ойындары да ұлықталып,қазақша күрес, арқан тартыс, гір көтеру, қол күресі және қой көтеру  бойынша жамағат арасында сайыс ұйымдастырылып, жеңімпаздарға арнайы марапат пен қаржылай сыйлықтар берілді берілді.Ұлттық ойын қазақша күрес бойынша балуандар 75 келіге дейін және +75 келіден жоғары салмақ бойынша бақ сынады.Тартысты өткен сайыстың нәтижесі бойынша:+75кг салмақта:

1 орын-Сарсенғалиев Әлібек (1 қошқар )

2орын-Сайфенов Айбар (30 000теңге қаржылай сыйлық)

3орын-Наурызбай Бисенбек(20 000теңге қаржылай сыйлық)

-75кг салмақта:

1орын-Құралов Диас(30 000теңге қаржылай сыйлық)

2орын-Абдулхакімұлы Абубакір-(20 000теңге қаржылай сыйлық)

3орын-Абубакір Жанібек(15 000теңге қаржылай сыйлық) иеленді.

«Қой көтеру» сайысы бойынша балуандар бақ сынап  алғашқы жеңімпаз иеленген Сапарбай Самат бауырымыз иеленіп,1 қошқарды қанжығасына байлады.