

Өңір имамдарымен Рамазан айына дайындық жиыны өтті
«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында қасиетті Рамазан айының қарсаңында ҚМДБ Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлының төралығымен Рамазан айына дайындық жиыны өтті.
Ақтау қаласы,Түпқараған ауданы,Мұнайлы ауданының имамдарының қатысуымен өткен жиналыста облыс бас имамы биылғы Рамазан айында атқарылатын шаралар, мешіттердің ішкі-сыртқы тазалығы, қайырымдылық, ізгі істерді көптеп ұйымдастыру бағытында нақты тапсырма берді.Сондай-ақ,ауызашарларды ұйымдастыру мәселесі, тарауих намазында Құран хатымын түсіру, хатым оқылатын мешіттерді бекіту,мешіт аулаларында киіз үй тігу,Құран әліппесі мен намаз үйрену курстарын ұйымдастыру т.б. мәселелер имамдар қаперіне берілді.
Айта кетейік, қасиетті Рамазан айы биылғы жылы 1-наурызда басталады.Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түні халқымыз қасиетті Қадір түнін қарсы алатын болмақ. Ұлық мерекеміз – Ораза айты биыл 30 наурызға келіп отыр.
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің баспасөз хатшысы