“ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ-ТІРІГЕ МІНДЕТ” ЗИРАТ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Маңғыстау облысына қарасты барлық мешіт қызметкерлері және мешіт жамағаттары ҚМДБ «Қамқор Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығы бастамасымен «Өткенге құрмет – тіріге міндет» атты жоба аясында Бейнеу,Маңғыстау,Түпқараған, Қарақия.Мұнайлы аудандары,Жаңаөзен қаласындағы жақын маңдағы зираттарды тазалап және ретке келтіріп,марқұмдарға дұға жасады.
«Тазалық иманның жартысы» – дегендей, қабір басы бір ізділікке келіп, заман талабына сай, таза болуы арттағы ұрпақтың міндеттерінің бірі.Іс шара барысында мешіттердің дін қызметкерлері мен жамағаты елді мекендердің маңындағы зираттарды қоқыстан тазартып, марқұмдардың рухына Құран бағыштады.Аталмыш тазалық жұмыстары әр жыл сайын тұрақты өткізілуде.



















