Өрт сөндірушілермен кездесу өтті
Қарақия ауданы Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітінің бас имамы Мұхаммадюсуфұлы Заир «ҚР ТЖМ МО ТЖД Өрт сөндіру және АҚЖҚ (Ақтау қаласы)» мемлекеттік мекемесі Жетібай ауылы №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен кездесіп, «Құмар ойын құрдымға кетіреді» тақырыбында да уағыз -насихат айтты.
Құмар ойынның зардабы тақырыбында өрбіген уағыз барысында имам құмар ойындардың адам баласын құрдымға жіберер дерт екендігі турасында шариғат шеңберінде баяндады.
Жалпы, құмар ойындары әу басында адам баласының нәпсісіне жеңіл тиіп, еліктіргенімен, зардабы ауыр, үлкен күнәларға алып келер кесапаты бар дерт. Асыл дінімізде де құмар ойындарын харам етіліп, лағынеттелгенін түсіндіріп,құмар ойындардан аулақ болуға шақырды.